1414
kk
kk ru
Нашар көретіндер нұсқасы

Бүгін әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Басқарма төрағасы Болат Төкежанов пен «Қазақстандық денсаулық сақтау қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» ҚБ төрағасы Бақытжан Тәжібай өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Меморандум медициналық қызметтердің сапасын арттыруға, медициналық қызметтер бойынша тарифтік саясатты жетілдіруге, халықты денсаулық сақтау мәселелері бойынша шынайы және объективті ақпаратпен қамтамасыз етуге, денсаулық сақтау жүйесінде бәсекелестікті дамытуға бағытталған.

Осы міндеттерді іске асыру үшін Тараптар консультативтік-кеңесші органдардың бірлескен отырыстарын және екіжақты кездесулерді өткізуге уағдаласты.

«Кәсіподақ тарапынан ынтымақтастық пен қолдау медициналық қоғамдастықпен мәселелерді жедел әрі тиімді талқылауға мүмкіндік беретініне сенімдімін. Ең алдымен, бұл медициналық қызмет көрсетудің тарифтік саясатын арттыру арқылы дәрігерлер мен орта медициналық қызметкерлер жалақысын кезең - кезеңімен арттыруға қатысты», - деп атап өтті Болат Төкежанов меморандумға қол қою кезінде.

Қор Кәсіподақпен ынтымақтаса отырып, Қордың бюджеттік жүйесінің ашықтығын арттыру, ТМККК шеңберінде және МӘМС жүйесінде медициналық ұйымдардың қаржыландырылуын бақылауды жүзеге асыру, медицина қызметкерлерінің кәсіби даярлығына жәрдемдесу, олардың құзыреттерін арттыру жұмыстарын жалғастыруға ниетті.

Қазақстандық денсаулық сақтау қызметкерлерінің салалық кәсіподағы 100 мыңға жуық медицина қызметкерлерін біріктіреді және 13 облыстық және үш аумақтық (Астана, Алматы және Шымкент қалаларында) филиалдарды қамтиды. Ұйым жақын және алыс шетелдердің кәсіподақтарымен ынтымақтасады.

22.10.2020
66% считают статью полезной Была ли эта статья для вас полезной ?
Сонымен қатар оқыңыз
ПРОЗРАЧНОСТЬ, КОНТРОЛЬ, ЭФФЕКТИВНОСТЬ: ЧТО МЕНЯЕТ  ПЛАТФОРМА QALQAN В СИСТЕМЕ ОСМС
АШЫҚТЫҚ, БАҚЫЛАУ, ТИІМДІЛІК: QALQAN ПЛАТФОРМАСЫ МӘМС ЖҮЙЕСІНДЕ НЕНІ ӨЗГЕРТЕДІ
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры денсаулық сақтау жүйесін қаржыландыру бағытында ауқымды цифрлық жаңғырту басталғанын жариялады. Трансформацияның негізгі құралына айналған Qalqan платформасы «МӘМС 2.0» моделінің технологиялық негізі ретінде енгізілуде.
24.04.2026
ЕЖЕГОДНЫЙ ВНУТРЕННИЙ АНАЛИЗ КОРРУПЦИОННЫХ РИСКОВ ПРОВЕДУТ В ФОНДЕ
ҚОРДА ЖЫЛ САЙЫНҒЫ ІШКІ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІНЕ ТАЛДАУ ЖҮРГІЗЕДІ
«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ осы жылдың 29 сәуірінен бастап Қор қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу жоспарланып отырғанын хабарлайды.
15.04.2026
НЕСВОЕВРЕМЕННЫЕ ПЛАТЕЖИ В ОСМС: ПОЧЕМУ ВАЖНО СОБЛЮДАТЬ СРОКИ
МӘМС ЖҮЙЕСІНДЕГІ ТӨЛЕМДЕРДІ УАҚТЫЛЫ ТӨЛЕМЕУ: МЕРЗІМДІ САҚТАУДЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры азаматтардың МӘМС жүйесіндегі медициналық көмекке үздіксіз қол жеткізуінің негізі – аударымдар мен жарналарды уақтылы төлеудің маңыздылығын еске салады.
15.04.2026
Барлығын қарау
Өтініш беру МӘМС калькуляторы Іздеу